Жыл басынан бері Қазақстанда 20 мыңнан астам адам қызылша жұқтырды.
Өскеменде қызылша дертінен 6 айлық сәби шетінеп кетті
784
оқылды

Өскемен қаласында қызылша дертінен 6 айлық сәби көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Qazaqstan арнасының жазуынша, соңғы үш тәулікте Шығыс Қазақстан облысының орталығында 92 адам қызылша жұқтырған. Оның 90 пайызы вирусқа қарсы екпе алмағандар.

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы таратқан ақпаратқа қарағанда, жыл басынан бері Қазақстанда 20 мыңнан астам адам қызылша жұқтырды. Медицина мамандарының айтуынша, эпидахуал өте күрделі. Санитарлық дәрігерлер күн сайын елде вирус жұқтырудың 350 жағдайын тіркейді. Көбіне қызылшамен 14 жасқа дейінгі балалар ауырып жатыр.