Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды.
ШҚО Экология департаментінің басшысы ұсталды
1,601
оқылды

Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен өзара іс-қимыл негізінде өткізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде облыстың Экология департаментінің басшысын әшкереледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Ол қатты пайдалы қазбаларды барлау кезінде қоршаған ортаны эмиссиялауға рұқсат еткені және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлік субъектілерінен бірнеше рет пара алу бойынша күдікті деп танылды»,  - делінген хабарламада.

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.