Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Болат Тілеп Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевпен, Білім басқармасының басшысы Ғалымжан Жұмашевпен және Мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаевпен кездесті. Іс-шара барысында Абай атындағы ҚазҰПУ мен «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Абай университетінде білікті кадр даярлау мәселесі талқыланды
2,659
оқылды

Мақсаты – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 шілдедегі кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасын іске асыру аясында ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру.

 

Болат Тілеп мектептерде педагог кадрлардың жетіспеушілігі бүгінгі таңда өте өзекті екеніне тоқталды. Сонымен қатар білім беру сапасы мен болашақ педагогтарды даярлаудың маңыздылығына көңіл бөлу және педагогтардың біліктілік деңгейін арттыру қажеттігі күн тәртібінен түспейтінін атап өтті. Сондықтан мұғалімдердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарының сапасын жіті бақылау қажеттігін айта келе, бұл студенттердің білім деңгейіне тікелей әсер ететінін баса айтты.

 

Университеттің академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Бану Нарбекова Үздіксіз білім беру орталығының қызметін егжей-тегжейлі таныстырып, мектепке дейінгі және орта білім беру педагогтары мен басшыларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстары, PGCE қайта даярлау бағдарламалары туралы айтып берді. 

Кездесуде «Жайлы мектеп» жобасын іске асыру, кадрларды қамтамасыз ету, жалпы орта білім беру мекемелерінде директорлар мен оқытушылардың жетіспеушілігі, сондай-ақ білім беру мен кадрларды даярлау сапасы, мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары және тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.