Ал елдің туында қандай өзгерістер болады? Мамандардың сөзінше, айтарлықтай өзгеріс болмайды, дегенмен ол керек, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Депутаттар Қырғызстан туындағы күннің пішінін өзгерту керек деп санайды, себебі оны күнбағыспен шатастыратындар көп.
Толқын пішінді сәулелер тік болғаны дұрыс деп отыр. Одан қалды шаңырақтағы таяқшалар саны үшеуден төртке көбейеді.
Өйткені үшеу кедейліктің, ал төртеу байлықтың белгісі болған.
Ел президенті Садыр Жапаров жаңарған тумен Қырғызстан жаңа даму кезеңіне қадам басады деп отыр.