Көліктің есігі жабылып қалған.
Өскеменде бір жасар бала көліктің ішінде қалып қойған
1,252
оқылды

Өскеменде Гагарин көшесінде тұрған көлік салонының есігі абайсызда жабылып қалып, ішінде бір жасар бала қамалып қалды. Баланың анасы құтқарушыларға хабарласып, көмек сұраған. Бұл туралы Аikyn.kz  gov.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға орнына ШҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары келіп, құралдардың көмегімен көліктің есігін ашып, баланы алып шықты.

ШҚО ТЖД ата-аналарға қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады.

"Мұқият болып, балаларды бір сәтке болса да қараусыз қалдырмаңыздар. Төтенше жағдай кезінде 112-ге хабарласыңыздар", делінген хабарламада.