"Қазгидрометтің" мәліметінше, қалада -26 градус аяз.
Екібастұздағы ЖЭО құбырында апат болды
871
оқылды

10 желтоқсанға қараған түні Екібастұз жылу электр орталығында күл құбырында (күл шығару жүйесінен күл тасымалданатын құбыр) ақау табылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Zakon.kz-тің жазуынша, "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС ақау сағат 05:30-да ретке келтірілгенін мәлімдеген.

Зақымның салдарынан су жылыту қазандықтарының екінші цехының багер сорғысы су астында қалды. Ыстық резервтегі екі энергетикалық қазандық агрегаты іске қосылды.

Қазіргі уақытта стансада 7 қазандық агрегаты (Nº 5, 6, 7, 9, 11, 13, 14), оның ішінде су жылыту цехының қазандығы уақытша мазутпен жұмыс істеп тұр.

Кәсіпорын бірнеше сағат ішінде қазандық сорғы стансасын іске қосу жұмыстары аяқталып, содан кейін көмірмен жұмыс істейтін ыстық су қазандықтары кесте бойынша қалыпты жұмыс істейтінін хабарлады.

Қала тұрғындары үйінде жылу жоқ екенін айтып, шағымданып жатқан жоқ. Апат жылу жүйесіне әсер етпеген.