Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасына бейнежазба жүктеді.
Бойға таралатын ұлы сезім: Қайрат Нұртастың анасы ескірмеген махаббаты туралы айтты
2,877
оқылды

Ол "Ескірмеген, ескірмеген махаббат..." деген тақырыппен ойын тарқатқан, деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Гүлзира Айдарбекованың пайымынша, адам баласы өмірдің төрт кезеңін басынан өткереді.

"Сәби шақ, жастық шақ, орта буын және қарттық. Төрт кезеңде де өлмейтін, қартаймайтын дүние бар, ол – махаббат. Махаббат  адамның жүрегінде тұтанып, санасына, бойына таралатын ұлы сезім.

Өлмейтін махаббатты жасаушы да өзіміз. Дәл осылай қол ұстасып, бала-шаға, немерелердің ортасында бақытты болып жүрген кезге не жетсін?!

Әдемі қартаю да бір бақыт, сол бақытты баршамызға нәсіп етсін", деген Қайрат Нұртастың анасы.

"Осы екеуі-ақ əйтеуір өздерін күшті ғып көрсете береді. Кейде ерсі болып кетеді. Əр нəрсенің өз уақыты бар, өз сəні бар. Қанша жерден сыйластық қой дегенмен, өте ерсі ғып жібереді. Бұндайды жастарға-ақ берсейші. Көреалмаушылық емес, өз пікірім", "Клипқа үлкен немерелерін де түсірсе, жақсы болар еді", "Ұлыңыз бен келініңіз осылай бірге жүрсін, бір елі қалмай бір-бірінен" деп жазған көпшілік видео астына.