Абай облысының Аягөз ауданындағы мектеп оқушылары "ақылды" велосипед құрастырды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Хабар 24" мәліметінше, Ecobike деп аталатын инновациялық көлік электр қуатын өндіреді.
Балалар "Экобайк" деп аталатын велосипедті бір айда құрастырды. Ізденімпаз оқушылар мен қолдаушы ұстаздардың идеясы іске асты. Көлікті құрастыруға қосалқы бөлшектер қолданып, аккумулятор орнатқан.
"Бұл - "Қалдықсыз мектеп" жобасы аясында жасалған құрылғы. Қосалқы бөлшектерден. Барлығы қолдан жасалды. Бұл жерде генератор. Арнайы генераторға диод қойылып, сол арқылы заряд беріледі. Оқушылар 15 минут үзіліс кезінде уақыттарын өткізу үшін бұл жерде генератор арқылы ток беріледі 220 Вт. Соткаларын зярядтауға болады", - дейді еңбек пәнінің мұғалімі Берік Ысқақов.
Құрылғының бір ерекшелігі - мектептегі тазалықты да қадағалайды.
"Бізге қай жерде қай жәшік толып кеткенін айтып отыра алады. "Мысалы, біз қаланың немесе мектептің картасын құрып ала аламыз да, одан кейін мысалы, бірінші жәшік толып кетті ма, екінші қабаттағы жәшік толып кетті ма соны көрсетіп айта алады бізге", - дейді оқушы Жанерке Закирова.
Сонымен қатар өнертапқыш оқушылар зағип жандарға арналған электронды таяқ жасады. Мүмкіндігі шектеулі адамның алдынан кедергі шықса, құрылғы бірден белгі береді.
"Зағип жандардың жарақат алуын алдын алады. Яғни, кедергілерді көріп сигнал береді. Сол "Қазақстанда өте аз. Сирек кездеседі". Көзі нашар көретін жандар бұл таяққа қызығушылық танытып отыр. Енді жобаның авторы құлағы нашар еститін жандар үшін вибрациялық белгі беретін құрылғы жасауды жоспарлап отыр", - дейді оқушы Ералы Ыбыраев.