Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде полицейлердің назарына той ұйымдастырған жастар іліккен.
Аспанға оқ атқан: Түркістан облысында тойдың соңы тосын жағдаймен аяқталды
2,148
оқылды

Түркістан облысында үйленіп жатқан жігіт пен достары жауапқа тартылды, – деп хабарлайды polisia.kz.

Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде полицейлердің назарына той ұйымдастырған жастар іліккен.

Онда жас жігіттер шектен шығып, аспанға қандай да бір қарумен оқ атып, кортеждегі жүргізушілер жол ережесін бұзып, авариялық жағдай туғызғаны бейнеленген.

Оқиға Сайрам ауданында болғаны белгілі болды. Бейнежазбадағы оқ атқан 19 жасар тұрғыннан түсініктеме алынды, оның қолындағы сигналдық зат болып шықты. Жас жігітке ҚР ӘҚБтК-нің 485-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылды.

Сонымен қатар жол ережесін бұзған Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылды. Ал Hyunday Santa Fe көлігіне ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі, 603-бабы 1-бөлігі, 590-бабы 2-бөлігімен шара қолданылды. Оған қоса Mercedes Benz жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 606-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілігі қаралды.