Алматы облысы Талғар ауданының әкімдігі екі ауылдың шекарасын өзгерту жөнінде қаулы шығарды. Бұл туралы Аikyn.kz "Ашық НҚА" порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Кеңдала мен Ақдала: Алматы облысында екі ауылдың шекарасы өзгермек
arbatmedia.kz
2,215
оқылды

Құжатқа сәйкес Кеңдала ауылдық округі бойынша мынадай шешім шығарылған:

"Ақдала ауылының шекарасы (шегі) 29,9947 гектарға қысқартыла отырып, Ақдала ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 705,433 гектар болып белгіленсін; Кеңдала ауылының шекарасы (шегі) 59,2225 гектарға қысқартыла отырып, Кеңдала ауылының жаңа шекарасының жалпы көлемі 220,806 гектар болып белгіленсін. Осы бірлескен Талғар аудандық мәслихатының шешімі мен Талғар ауданы әкімдігінің қаулысы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", - делінген құжатта.

Құжат 26 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауда болады.