Алматыда ауа райының қолайсыздығынан, яғни толассыз қар жауғаннан бір түнде 33 жол апаты болды.
Алматыда бір түнде 33 жол апаты болған
1,045
оқылды

Осыған байланысты тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасады. 

«Бұл үндеу негізінен көлік басқаратын қала жүргізушілеріне арналған. Біз оларды жол ережесін қатаң сақтауға, жүргізуші мәдениетін танытуға және мұқият болуға шақырамыз»,  деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Серік Шумаев.

Қалалық полициядан мәлім еткендей, 11 желтоқсан сағат 20.00-ден 12 желтоқсан таңғы сағат 06.00 аралығында Алматы жолдарында 33 жол апаты тіркелді, төртеуінде жарақат алғандар бар.

«Сонымен қатар  ауа райының нашарлауына және қар жаууына, ауа температурасының төмендеуіне байланысты жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілер мен көлік иелерін көлік дөңгелектерін қысқысына ауыстыруға шақырамыз»,  деді полиция өкілі.