Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерге сапа саласындағы Президенттің жыл сайынғы «Алтын сапа» сыйлығын табыстады.
Астанада «Алтын сапа» сыйлығы табысталды
760
оқылды

«Алтын сапа» саласындағы сыйлық: «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын», «Халыққа арналған тауар шығаратын үздік кәсіпорын», «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын», «Азық-түлік және/немесе ауылшаруашылық өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын» 4 номинация бойынша беріледі.

Әр номинация бойынша мынадай үш санат: шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъекті бойынша үш сыйлықтан табысталады.

 Сонымен қатар байқаудың «Үздік индустриялық жоба» және «Үздік инновациялық жоба» атты арнайы сыйлықтары қарастырылған. Осы байқаудағы жеңімпаздар лауреат атанады. Осылайша, жыл сайын 14 лауреат анықталады.

Ашылу салтанатында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, кәсіпкерлерді марапатымен құттықтады. 

«Баршаңызды «Алтын сапа», «Парыз», «Қазақстанның үздік тауары» байқауларының өз мәресіне жетуімен құттықтаймын! Біз жыл сайын осы салтанатты жиында ел дамуына елеулі үлес қосқан кәсіпкерлерге құрмет көрсетеміз. Бұл – талай жылдан бері жақсы дәстүрге айналған маңызды іс-шара.

Қазір Қазақстанда бизнес саласы қарқынды дамып келеді. Бұған мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатыр. Шағын және орта бизнестің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 36 пайыздан асты. Бұл – шын мәнінде, жоғары көрсеткіш. Осы салада жұмыс істейтін адамдардың саны 4,3 миллионға жетті. Яғни, еңбекке жарамды азаматтардың 45 пайызы деген сөз.   Индустрияландыру жұмысы соңғы жылдары жоғары қарқынмен жүзеге асырылып келеді. Былтыр өңдеу өнеркәсібінің экспорты 26 миллиард доллардан асты. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Өткен жылы осы салаға 1,5 триллион теңге инвестиция тартылды. Өңдеу кәсіпорындарын дамытуға барынша жағдай жасалды. Соның нәтижесінде республикалық бюджетке түсетін салық 5 есе артты. Осылайша, бизнес өкілдері мемлекеттің сенімді серіктесіне айналды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Біз биыл жаңа экономикалық үлгіге көше бастадық. Ең алдымен, экономикамызда әділдік болуға тиіс. Сондықтан бірқатар маңызды мәселеге назар аудару қажет. 

  «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттары дипломдар, байқау эмблемасымен және жеңімпаздарды келесі кезең – ТМД-ның Өнім және қызмет көрсету сапасы саласындағы байқауына қатысуын ынталандыру үшін 450 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақымен марапатталады.

Естеріңізге салсақ,  биыл «Алтын сапа» сыйлығын алу байқауына 221 компания өтінім берді. Сонымен қатар марапаттау салтанатында  Qazaqstan Project Management Awards-2023, «Іскер», «Қазақстанның үздік тауары», «Ұлы дала елі», «Іскерлік кемелдік», «Парыз» және «ASMAR» бизнесте тану» сыйлықтары табысталады.

 Жеңімпаздарға жүлделерді ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталов, Премьер-Министрдің орынбасарлары Серік Жұманғарин, Тамара Дүйсенова және басқа да азаматтар табыстайды.