Актер Азамат Сатыбалдының анасы өмірден өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры хабарлады.
"Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театрымыздың артисі Азамат Сатыбалдының анасы – Орынкүл Махатқызы Сұраппаева өмірден өтті. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ұжымы марқұмның отбасы және жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады", – делінген хабарламада.