11 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 65 учаскесінде көлік қозғалысы үшін шектеу енгізілді.
11 өңірдегі республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Фото: ҚР ТЖМ
1,979
оқылды

2023 жылғы 12 желтоқсан сағат 18.00-дегі ахуалға сәйкес, қолайсыз ауа райына (ауа температурасының төмендеуі, қарлы боран, көрінудің төменгі көрсеткіші) байланысты 11 облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың 65 учаскесінде көлік қозғалысы үшін шектеу енгізілді,  деп  хабарлайды Aikyn.kz "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында  20 учаске.

Барлық бағыт бойынша (жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Ақтөбе облысында – 1 учаске.

"Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" 0-234-шақырым, Қарабұтақ а.-Қостанай облысы шекарасы

Алматы облысында  4 учаске.

Жетісу облысында  1 учаске.

"Үшарал-Достық" 84-184-шақырым, Көктұма ст.-Достық ст.; (барлық автокөлік үшін)

Жамбыл облысында  6 учаске.

Барлық бағыт бойынша (дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Қарағанды облысында  7 учаске.

Барлық бағыт бойынша (жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін)

Қостанай облысында  7 учаске (жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін).

Маңғыстау облысында – 2 учаске (барлық автокөлік үшін),

Павлодар облысында– 2 учаске (жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін).

Солтүстік Қазақстан облысында – 14 учаске (жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін).

Түркістан облысында – 1 учаске

"Алматы-Ташкент-Термез" 593-652-шақырым, Жамбыл обл. шек.-Машат а. (жүк автокөліктері үшін)

Ұлытау облысында – 1 учаске

"Қызылорда-Павлодар" 756-788-шақырым, Жаңаарқа а.- Қарағанды облысының шекарасы (жолаушылар автобустары мен дизельдік қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктер үшін).

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар жолдарда 451 бірлік техника мен 907 қызметкер жұмылдырылды. Шамамен 1 108 текше метр көктайғаққа қарсы материал жұмсалды.