ТЖД мамандары жалынды 26 минутта ауыздықтады.
Атырау облысында 7 баласы бар отбасының үйі өртке оранды
563
оқылды

Аймақтағы Құрманғазы ауданында көпбалалы отбасының шаңырағы өртке оранды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы жазғандай, өрт 12 желтоқсанда болған.

«Құрманғазы ауданының Ж.Нәжімеденов ауылындағы Т.Жұмағалиев көшесінде орналасқан тұрғын үй толық өртеніп кетті. Тұрғын үйдің жалпы аумағы – 12х17 метр. Өрт сағат 9:16-да оқшауланып, сағат 9:42 толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», – деп жазды департаменттен.

Жалынды сөндіруге Құрманғазы ауданындағы №7 өрт сөндіру бөлімінен 7 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды. Ж.Нәжімеденов ауылындағы тұрғындардың айтуынша, өрт шалған үй 7 баласы бар отбасыға тиесілі болған. Енді ауылдастары көпбалалы отбасыға қаржылай көмек беру мәселесін қолға алып жатыр.