Оның айтуынша, осы іске қатысты баспасөз конференциясы өтіп жатыр.
Ерлан Көкеев өзін Түркияда адам қағып, Қазақстанға қашып кетті деп айыптағандарға жауап берді
Фото: instagram.com/abk_toby
1,859
оқылды

Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай әнші, «АБК» тобының экс-мүшесі Ерлан Көкеев Түркияда адам қағып, Қазақстанға қашып кеткені туралы жазған еді. Осы мәселеге қатысты істің анық-қанығын өнер иесі өзі айтып берді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, осы іске қатысты баспасөз конференциясы өтіп жатыр.

«Заң аясында ғана жауап беруге тиіс болғандықтан әзірге ештеңе айта алмаймын. Біз құжаттарды дайындап жатырмыз. Онымен айналысып жатқан заңгер бар. Ешқайда жасырынбадым, қашып кетпедім. Әлеуметтік желіні жүргізіп отырмын. Сондықтан, бұл іске қатысты қандай да бір шешім шықса, халыққа бірден жариялауға тырысамын», – деді әнші.