Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған болатын. Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім де берілген екен. Шетелдегі қазақ баласына қатысты тың деректер шықты. Бұл туралы "Бармысың, бауырым?" бағдарламасында айтылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Танымал журналист, тележүргізуші Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты маңызды деректер табылғанын хабарлады.
"Кеше Мұратқа қатысты тағы да бөлек архивтік құжаттарға қол жеткіздік. Арқалықта жүрген Мұрат сол құжаттардың көшірмесін алды. Бұған дейінгі архивтік құжаттарда келіншек Аққұмнан деп шықса, кеше ол ақпарат Ақкөл ауылына қарай ауысты. Назар аударыңыздар, әсіресе Арқалық, Ақкөл, Аққұм, Торғай, Ахмет Байтұрсынов ауылының халқы! Сіздерге үлкен өтініш айтқалы отырмыз", - дейді журналист әлеуметтік желіде.