Ұлан Мәдиев 9 желтоқсанда қамалды.
Бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың қарамағында жұмыс істегендер қамауға алынды
Фото: Sputnik / Болат Шайхинов
2,876
оқылды

Бұрынғы бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың қарамағында жұмыс істеген Ұлан Мәдиев қамауға алынды. Ақпаратты Бас прокуратураның баспасөз қызметі Halyq Uni тілшісіне растады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

"Бас прокуратура Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі арнаулы департаментінің бұрынғы бастығы Ұлан Мәдиевке және басқа да адамдарға азаптау фактілері бойынша қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр", - делінген ақпаратта.

2023 жылғы 9 желтоқсанда Алматы қаласының ауданаралық мамандандырылған тергеу соты Мәдиевке қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Қазіргі болған оқиғаның барлық мән-жайын, сондай-ақ қатысы бар адамдарды анықтау бойынша тергеу жүріп жатыр.