Бутик әкімшісінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.
Сауда нүктесін қиратты: Алматыда арзан киімге таласқан адамдар бір-бірін таптап кете жаздаған
4,114
оқылды

Алматыда сауда орталықтарының біріне адамдардың көптеп келуінен дүрбелең туындап кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Жеңілдікті пайдаланып қалуға асыққан адамдар бір-бірін таптап кете жаздап, келеңсіздік пайда болған.

"Адам көп болғаны сонша – олар бірнеше сауда нүктелері мен витриналарды қиратты. Тәртіпті қалпына келтіру және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полицияны шақыруға, адамдарды эвакуациялауға тура келді", – делінген бейнероликте.

Жағдай туралы Алматы қаласы Полиция департаменті түсініктеме берді.

"Алматы қаласының Полиция департаменті сауда орталығындағы бір бутикте жеңілдік жарияланғандықтан, келеңсіз жайт орын алған.  Бутик әкімшісінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.