"Қазақстан темір жолы" компаниясы барлығы 23 пойыз кешеуілдеп жатқанын жазды.
Пойыздар 2 сағаттан 27 сағатқа дейін кешігіп жатыр
1,577
оқылды

Тіпті, кейбір рейстерді мүлдем алып тастауға тура келді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айта кетейік, Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай жарияланған еді.

"Қазақстан темір жолы" компаниясының хабарлауынша, жолаушылар пойыздарының өтуін қамтамасыз ету үшін Жамбыл облысының теміржолшылары өңір үшін қалыптан тыс қардан жолды тазарту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізіп жатыр.

Теміржол төсемін тазарту үшін арнайы қар тазалау және қардан аршу техникалары жұмылдырылған. Жол дистанциясының қызметкерлері техника өте алмайтын жерлерді қардан тазартты.