Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың солтүстік-батысында болған жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты.
Тоқаев Қытай төрағасына көңіл айтты
Фото: Ақорда
1,159
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың солтүстік-батысында болған жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айтты,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Еліңіздің Ганьсу провинциясында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген отандастарыңыздың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Осындай қиын сәтте Сізге және табиғи апатта жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айта отырып, Қытай халқының қайғы-қасіретіне қазақстандықтар ортақ екенін жеткіземін. Зілзала кезінде зардап шеккен жандар тез арада сауығып, із-түзсіз жоғалған азаматтардың отбасыларына аман-есен оралуына тілектеспін», – деп жазылған жеделхатта.

Еске салайық, бүгін түнде Қытайдың солтүстік-батысындағы Ганьсу және Цинхай провинцияларында қуатты жер сілкінісі болды. Қаза тапқандар саны 100 адамнан асқаны белгілі болды.