Оқиға 20 желтоқсан күні болған.
Атырауда енесі күйеу баласын пышақтап тастаған
Фото: gov.kz
955
оқылды

Атырауда енесі күйеу баласын пышақтап тастаған. Салдарынан 1996 жылғы ер адам көз жұмды,  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Атырау облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 20 желтоқсан күні сағат 18.50 шамасында болған.

37 жастағы әйел адам полицияға анасының азаматтық некедегі күйеуінің ішінен асүй пышағымен жарақат салғанын хабарлаған.

 "Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер отбасылық жанжалдың нәтижесінде 1966 жылғы әйел адамның 1996 жылғы ер адамды асүй пышағымен жарақаттағанын анықтады. 

 Алған дене жарақаты салдарынан ер адам қаза тапқан. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды"   делінген Атырау облысы Полиция департаменті таратқан мәліметте.

Баян Жанұзақова