Полиция бұл отбасында айқай-шу жиі болатынын анықтады.
Атыраулық әйел күйеу баласын не үшін өлтіргені белгілі болды
1,340
оқылды

Атырау облысында күйеу баласын пышақтап өлтірген әйел ұсталды, - деп хабарлады Aikyn.kz.

КТК арнасының хабарлауынша, қанды қылмыс Құлсары қаласында болған. Отбасындағы жанжал кезінде 57 жастағы әйел күйеу баласына пышақ сұғып алған.

Суық қарудан 27 жастағы жігіт тіл тартпай кеткен. Марқұм күдіктінің қызымен азаматтық некеде тұрған. Тәртіп сақшылары бұл отбасында жанжал жиі болатынын айтады. Ал қайтыс болған азамат әйелін ұрып-соққаны үшін бірнеше рет әкімшілік қамауға алынған екен.

Пышақ сілтеген енесі қызын қорғау үшін осындай қадамға барды деген болжам бар. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалып, адам өлтіру бабымен қылмыстық іс қозғалды.

1996 жылы туған ер адамның бұрын отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол бергені үшін екі рет әкімшілік қамауда болғаны анықталды. 1986 жылы туған жәбірленушінің қаза тапқан азаматтың әйелінен және көршілерінен, барлығынан жауап алынып, қылмыс құрамы тергеліп жатыр, – дейді Атырау облысы Полиция департаментінің ресми өкілі Мейірім Ердәулет.