Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС мәлімдеді.
Астана маңына қатынайтын 11 автобустың қозғалысы тоқтатылды
Фото: 24kz
1,002
оқылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана маңындағы елді мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«22 желтоқсан күні сағат 05:15-ке өзекті ақпарат: ауа райының нашарлауына байланысты қала маңына қатынайтын № 300, 305, 308, 309, 310, 312, 315, 316, 317, 327, 328 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды. Басқа қаламаңы бағдарлар желіде», – делінген «City Transportation Systems» ЖШС хабарламасында.