«Дарын» сыйлығы жастарға жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ спорттағы жоғары жетістіктері үшін беріледі.
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алған азаматтардың тізімі жарияланды
Фото: egemen.kz
1,684
оқылды

Мәдениет және ақпарат министрлігі 2023 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алған азаматтардың тізімін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Дарын» сыйлығы жастарға жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ спорттағы жоғары жетістіктері үшін беріледі.

Сыйлықтың мөлшері әр номинация бойынша 600 мың теңгені құрайды.

Жемісті ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін мына азаматтарға Қазақстан Республикасының 2023 жылғы «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы берілді:

 

«Ғылым» номинациясы

Кенжина

Инеш Ергазықызы

–

«Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КЕАҚ-ның «Жалпы физика» кафедрасының зерттеуші-профессоры

Өтепов

Елбек Бахитұлы

–

«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КЕАҚ - ның «Құрылыс» кафедрасының профессоры

«Эстрада» номинациясы

Абдықалықова

Айзада Абдуахитқызы

–

Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Тайжан Қалмағамбетов атындағы Жезқазған филармониясы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының әртісі

Пазылақын

Толғанай Ұланқызы

–

«Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» РМҚ-ның «Эстрадалық вокал» кафедрасының оқытушысы

«Классикалық музыка» номинациясы

Аманжолова

Айгерім Меңдібайқызы

–

Астана қаласы әкімдігінің «Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік кадемиялық филармония» МКҚК-ның «Классикалық вокал» бөлімінің әртісі

Алғи

Ақбике Ғалымқызы

–

«Роза Бағланова атындағы Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК-нің Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің әртісі

«Халық шығармашылығы» номинациясы

Долдашев

Болат Маханбетұлын

–

«Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының Дина Нұрпейсова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі» КМҚК-ның бас дирижері және көркемдік жетекшісі

Әбдіберікұлы

Бекболат

–

«Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернаты» ММ-нің «Қазақ халық аспаптары» оркестрінің жетекшісі

«Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясы

Касьянов

Дамир Рашидович

–

Шымкент қаласы Білім басқармасының «Балалар шығармашылық мектебі» МКҚМ-нің «Композиция» және «Сурет» қосымша білім беру пәндерінің мұғалімі

Жапарова

Салтанат Аминқызы

–

«Қазақстан этнодизайнерлер одағының» төрайымы

«Журналистика» номинациясы

Бектас

Ақерке Бағдабекқызы

–

«Qazaqstan» ұлттық телеарнасы ақпараттық сараптамалық бағдарламалар дирекциясы жедел және саяси жобалар бөлімі «Aқорда» бағдарламасының авторы-продюсері

«Креативті бастамалар» номинациясы

Қопабаев

Әділхан Амангелдіұлы

–

Қазақстан Республикасының Отын-энергетикалық кешенің Ахуалдық-таңдамалы орталығының басқарма төрағасы

Қуатбаев

Айбек Нұрланұлы

–

«Bugin Holding Corp» ЖШС бас директоры

«Спорт» номинациясы

Айтмұхан

Ризабек Қанатұлы

–

Ұлттық құраманың спортшысы, ересектер арасындағы Азия чемпионатында, жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль иегері, еркін күрестен Әлем чемпионы

Құлымбетова

Жібек Алимханқызы

–

джиу-джитсудан жеті дүркін әлем чемпионы және грэпплингтен әлем чемпионы, самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері, көптеген халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпазы, жүлдегері

«Әдебиет» номинациясы

Хадыр

Бахытбек

–

«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі

Жылқыбай

Мейіржан Сейтжанұлы

–

«QIT Enterprise» ЖШС-ның жобалар менеджері

«Театр және кино» номинациясы

Птыралиев

Еркінбек Абайбекұлы

–

Қазақ ұлттық өнер университетінің «Операторлық өнер, дыбыс режиссура және арт-менеджмент» кафедрасының меңгерушісі

Булатов

Фархад Булатович

–

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры» АҚ-ның әртісі