Өнер иесінің айтуынша, әкесі бірден келісім берген.
"Бір аптада тұрмысқа шықтым": әнші Тамара Асар жолдасымен қалай танысқанын айтты
3,163
оқылды

Әнші Тамара Асар "Ұйқым келмейді" бағдарламасында жолдасымен қалай танысқанын айтты, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер иесінің айтуынша, әкесі бірден келісім берген.

"Қазақстанды айналып жүрген адаммын ғой. Маған ешкім сенімді түрде "саған үйленемін" деп айтпады. Алғашқы кездесуде маған жолдасым солай айтты. Сол сөздің артынан жүре бердім. 7 күннен кейін өзі келіп "үйленеміз" деді. Сонымен үйленіп кеттік. Әкеме видеомен көрсеттім, "осы жігіт сенікі" деді", – деді ол.

Әнші жолдасы қазақша үйреніп жүргенін айтты.

"Күйеуім Қостанайдан болса да жаны қазақ. Қазір қазақ тілін үйреніп қалды. Ажар қазақша сөйлейді. Сол арқылы үйреніп жүр", – деді ол.