22 желтоқсан күні сағат 17:00-дегі жағдай бойынша 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап.
Жамбыл облысында 1 учаске, Алматы-Ташкент-Термез автожолының Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейінгі бөлігі жабық.
Жетісу облысында 1 учаске, Үшарал-Достық автожолының Көктұма станциясынан Достық станциясына дейінгі жол жабық.
Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады (боран, жол көрінбеу).
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 715 техника жұмыс істеп жатыр.