Алматыдағы ірі жол апатынан 7 адам зардап шекті, арасында бала да бар.
Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: қанша адам зардап шеккені анықталды
894
оқылды

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, апат салдарынан 7 адам зардап шекті. Жедел медициналық қызмет келгенше үш адам қайтыс болды.

“Үш ересек адам жабық бассүйек-ми жарақатын алған, бас миы шайқалған, бір науқастың сол жақ жамбас сүйегі сынып №7 қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды. Төртінші зардап шеккен 15 жастағы бала сол жақ аяғы сынып №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды”, – делінген хабарламада.