Әлеуметтік желіде Самат есімді блогердің бейнежазбасына көпшілік алғыс айтып, жылы пікірлерін білдіріп жатыр.
Мен тапсырыс бермедім:  еден жуатын әйелге жасалған тосынсый көпшілікті тәнті етті
1,096
оқылды

Бейнежазбаға қарағанда, блогер супермаркеттегі еден жуатын апайға жаңа жылға орай ерекше сыйлық жасаған, алайда алдымен сыйлықтың ақшасын төлеу қажеттігін айтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Сасқалақтаған апай дәретханаға барып келуі керек екенін жеткізіп, кетуге асығады.

Осы кезде блогер мұның бәрін тосынсый екенін жеткізеді.

Желі қолданушыларының бәрі жантебірентер көрініске риза болды.

"Жаным, тәте шошып кетті", "Ақкөңіл екен, олай қорқыта бермеңдерші", "Ақкөңіл қазағым-ай", "Мың рет көрген шығармын", "Ақкөңіл қазақ қыздары", "Жаңа жылға керемет сыйлық", – дейді олар.

@samatbloger Аналарымыз аман болсын!🤲.Профильдегі You Tube-арнаға қолдау көрсетіп жіберіңіздер.🙏Сіздерді жақсы көрем🥰😘#rek ♬ original sound - Samat.bloger