Өнер иесі шетінеп кеткен баласы туралы да жасырмады, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ол желідегі жеке парақшасында сұрақ-жауап ұйымдастырып, барлық сұраққа бүкпесіз жауап берді. Екі рет тұрмыста болғанымын, екеуінің де сәтсіз аяқталғанын айтты.
"Күйеулеріммен баяғыда айырылысып кеткенмін. Қазір басым бос. Өзімді құс сияқты еркін сезінемін. Жаңасы пайда болғанда міндетті түрде сіздерге хабар беремін. Бірақ оны көрсетемін деп уәде бере алмаймын. Алайда ол туралы міндетті түрде айтып беремін. Қазір білмей тұрмын. Мүмкін, ол отбасылы болып қалса, менің тоқал болып қалуым мүмкін. Қысқасы, ештеңе білмеймін”, – дейді аткриса.
Сондай-ақ жақында бөпесінен айырылған ана өзін қалай емдеп жүргенін де айтты.”Сіз мықта екенсіз, сіздің орныңызда болсам, жынданып кетуші едім” деген оқырман сұрағына былай деп жауап берді.
“Дұрыс айтасыз! Барды бар деу керек. Өзегің мықты болғанымен, мұндай сынаққа дайын болмайсың. Сынып қалады екенсің. Сендер білмейсіңдер, әлі күнге дейін жылаймын. Ойламаған жерден есіме түссе, өзімді жоғалтып аламын. Мені ешкім таба алмай қалады. Амал қанша?! Осы жерге күн сайын жылағанымды салып отыра алмаймын. Менің жұмысым – елге позитив сыйлау, күлдіру. Адамдарға қызық болғанын қалап тұрасың”, – дейді өнер иесі.