Қызметтік борышын атқару кезінде екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатырын шарпыған өртті сөндіру барысында 19-МӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Уәли Әділет Аянұлы қайтыс болды.
Алматы облысында өрт сөндіру кезінде бөлімше командирі қаза тапты
661
оқылды

Алматы облысы Қарасай ауданы Көкөзек ауылындағы өртті сөндіру барысында 19-МӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жазғандай, тосын оқиға 25 желтоқсанда сағат 16.56-да орын алған. 

"Алматы қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 19 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру есептоптары Қарасай ауданы Көкөзек ауылындағы өртті сөндіруге шықты. Қызметтік борышын атқару кезінде екі қабатты жеке тұрғын үйдің шатырын шарпыған өртті сөндіру барысында 19-МӨСБ бөлімше командирі, азаматтық қорғау аға сержанты Уәли Әділет Аянұлы қайтыс болды», – делінген ТЖД дерегінде.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жедел-тергеу тобы оқиға орнында жұмыс жүргізуде.

«ТЖМ Әділет Аянұлының туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Ол сауатты, өз ісінің маманы ретінде мәңгі есімізде қалады», – деп жазылған хабарламада.