Қостанайдағы Абай даңғылы бойындағы «Астықжан» сауда үйінің маңында 10 көлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасы болды.
Қостанайда бір мезетте 10 көлік соқтығысты
772
оқылды

Қостанайда ауа райының қолайсыздығы салдарынан бірден 10 көлік соқтығысты. Зардап шеккен бір адам ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

– 26 желтоқсан күні сағат 11.10 кезінде Қостанайдағы Абай даңғылы бойындағы «Астықжан» сауда үйінің маңында 10 көлік соқтығысқан жол-көлік оқиғасы болды. Қазіргі уақытта оқиға орнынан бір адам медициналық мекемеге жеткізілді.  Жол-көлік оқиғасының себебі анықталып жатыр, – делінген ведомство хабарламасында.