26 желтоқсан күні сағат 17.00-дегі жағдай бойынша 8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 46 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Еліміздің 8 облысында 46 жол учаскесі жабылды
фото: el.kz
1,138
оқылды

Ауа райына байланысты еліміздің 8 аймағында республикалық маңызы бар жолдар жабылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz "ҚазАвтоЖол" компаниясына сілтеме жасап.

"26 желтоқсан күні сағат 17.00-дегі жағдай бойынша 8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 46 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады (боран, шектеулі көрініс)", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 477 бірлік техника жұмыс істеуде.