Оған қарсы есірткі қолданды деген күдікпен тергеу жүріп жатқан болатын.
«Паразиттер» фильмінде басты рөлді сомдаған актер көлігінен өлі табылды
Фото: Yonhap
2,371
оқылды

Оскар иеленген «Паразиты» фильмінде негізгі рөлді сомдаған 40 жастағы актер Ли Сон-гюн сәрсенбі күні өзіне қол салған. Kazinform бұл туралы Yonhap агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оған қарсы есірткі қолданды деген күдікпен тергеу жүріп жатқан болатын.

Ер адам Сеул орталығындағы саябақта таңғы 10:30-да көлігінен ес-түссіз күйде табылды. Кейінірек полиция оның кім екенін анықтады. Жолаушыларға арналған орында ағаш шоғының брикеті жатты.

Бұған дейін полицияға Лидің үйден кетіп, өлім алдындағы жазбасына ұқсас хат қалдырғаны және көлігі жоғалып кеткені туралы ақпарат түскен.

Жыл басынан бері актер Сеулдің Каннамгу ауданындағы элиталы барда жұмыс істейтін даяшының үйінде марихуана мен басқа да есірткі заттарын пайдаланды деген күдікпен үш рет тергеуге шақырылған.

Актердің сөзінше, даяшы оны алдап есірткі тұтынуға мәжбүрлеген, ол не қабылдап жатқанын білмеген.

Лидің талдауы полиция тергеуі кезінде жүргізілген жедел-тестте де, өткен айда Ұлттық сараптамалық-криминалистік қызмет жүргізген зертханалық тестте де теріс нәтиже көрсетті.

Жақында Ли өзінің кінәсіз екенін айтып, Инчхонның астаналық полиция басқармасына полиграфта тергеуден өтуге сұрау жіберген болатын.

Ли түскен «Паразиттер» фильмі 2020 жылы «Оскар» сыйлығын иеленгеннен кейін ол әлемге танымал болып кетті.