Ол "Қоғам қайраткері" атағын ұсынған адамға ақша да жіберген.
"7 миллион да, атақ та жоқ": Омар Жәлел алданып қалғанын айтты
Фото: Halyq Uni
7,041
оқылды

Танымал ғалым, абайтанушы Омар Жәлел атақ аламын деп алданып қалғаны туралы айтып, әлеуметтік парақшасында жазба жариялады.

Ол "Қоғам қайраткері" атағын ұсынған адамға ақша да жіберген.

"Бұл ашкөздік дегенді қойсайшы. "Сізді қоғам қайраткері деген атаққа ұсынайық деп едік" деп хабарласты Алқа Шаяхмет alka_shayahmet қарындасым. "7 миллион теңге аласыз. Ешкімге айтпаңыз. Ешкім білмесін. Өзім комиссияның мүшесімін. Алла қаласа Тәуелсіздік күні қарсаңында алып қаларсыз" - деді "жанашыр" қарындасым. Содан ашкөздігім оянып, белгісіз бір рақат сезімі билеп "құжат жинауға керек" деген сомасын басқа бір орыс тілді әйелдің атына аударып та жібердім. Тәуелсіздік күні де келіп жетті, атақ та жоқ, 7 миллион да жоқ, отырған сол дәметкеннен алқымым ісіп. "Енді не болды, қарындасым?" деп хабарлассам, "жылдың соңына дейін күтіңіз" дейді. Үмітсіз шайтан деп, отырмын енді күтіп. PS. Бір мен ғана емес, қасымда "Дарын" сыйлығынан үміткер тағы екі адам бар: олар 5 миллионнан аламыз деп күткен екен", – деп жазды ол.