Ол балаларының болған жайтты қалай қабылдағанын айтып берді.
"Мен үнсіз отырмаймын деп шештім": Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Нүкеноваға қатысты мәлімдеме жасады
Фото: tengrinews.kz
1,649
оқылды

Қамауға алынған ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарманқызы Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты пікір білдіріп, балаларының жағдайы туралы айтты, – деп хабарлады Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

"Мен үнсіз отырмауды шештім. Салтанаттың қайғылы қазасынан бері 40 күннен астам уақыт өтті. Маған және балаларыма болған оқиғаны ой елегінен өткізуге уақыт қажет болды. Балаларыммен бірге Салтанаттың отбасына орны толмас қаза үшін шын жүректен көңіл айтамыз. Мен оны жеке танымадым, бірақ балаларым онымен дос болды, олардың есінде жарқын, мейірімді және өте жанашыр адам ретінде қалды", – деп жазды Назым Қахарманқызы Instagram-дағы парақшасында.

Ол балаларының болған жайтты қалай қабылдағанын айтып берді.

"Балаларымның басынан өткен қиындық, әрине, Салтанаттың туыстарының азабымен салыстыруға да келмейтініне қарамастан, мен олардың әрқашан жақсылықтың жағында болатынына сенемін және білемін", – деп жазды Назым.

Айта кетейік, Назым Қахарманқызы Қуандық Бишімбаевпен 14 жыл ресми некеде болған. Ерлі-зайыпты 2020 жылы, экс-министр түрмеден шыққаннан кейін бір жылдан кейін ажырасқан. Олардың үш баласы бар.