Бүгінде Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі үш негізгі бағыт бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Жаңа бағдарлама әзірленді
657
оқылды

Бұл жылумен, сумен жабдықтау, су бұру жүйелерін дамыту мәселелерін қамтиды. Жалпы, 2022 жылдың қорытындысы бойынша жылумен, су­мен жабдықтау және су бұру желілерінің ұзындығы шама­мен 128 мың км құраған. Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің мәлі­меттеріне сүйенсек, желілердің 51 пайызының тозу деңгейі орташа.  

Осыған дейін Мемлекет бас­шысы 2030 жылға қарай түр­ғын үй-комму­налдық ша­руа­шылығы желілерінің тозуын 40 пайызға дейін төмендетуді тап­сырған еді. 

ҚР ИИДМ Құрылыс және тұр­ғын үй-коммуналдық ша­руа­шылық істері комитеті төра­ғасының м. а. Әзімбек Пазыл­бекұлының айтуынша, бұған қажетті қаражат көзі анық­талған. Атап айтқанда, респуб­лика­лық және жергілікті бюд­жеттер, сон­дай-ақ «Ин­­вес­тицияға айыр­бастау тарифі» бағдарламасы шең­­берінде қаражат тарту көз­деліп отыр.

Министрлік жылу желілерін жаңғыртуды кезең-кезеңімен іске асырмақ. Басты мақсат – жылумен жабдықтау жүйесін сауық­тыру. Бірінші кезең бо­йын­ша 2023-2030 жылдар ара­лығында тозу деңгейі 75 пайыз­дан астам жылу желілерін ауыс­тыру ұсынылады. Екінші кезең – 2030-2040 жылға дейін тозу деңгейі 50-ден 74 пайызға дейінгі жылу желілерін ауыс­тыру.

– Жылумен жабдықтау желілерін дамыту мақсатында биыл барлық қаржыландыру көз­дері есебінен ұзындығы 560 шақырым болатын желілер жөндеуден өтті. Оның ішінде республикалық бюджеттен бө­лін­ген 117,5 млрд теңге 134 шақырым жылу желілерін қайта жаңартуға мүмкіндік берді. 2024 жылға арналған бюджетті құру кезінде жалпы құны 68,6 млрд теңге болатын 51 жобаны іске асыру қарас­тырылған. Осы қара­жат есебі­нен 89 шақырым жылу желі­лерін қайта жаңарту жос­пар­­лануда, – дейді ведом­ство басшысы. 

Биыл сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және реконструкциялауға респуб­лика­лық бюджеттен 269 млрд теңге бөлінген. Әзімбек Пазыл­бекұлының айтуынша, бұл жыл қорытындысы бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне қала­ларда – 98,8 пайыз және ауыл­дарда 96,3 пайыз қолжетімділікті қамтамасыз етпек. 

– Сондай-ақ 4 мың шақы­рымға жуық сумен жабдықтау және су бұру желілерін салу және реконструк­циялау жұмыс­тары жүргізіледі. Осылайша, 2025 жылдың соңына дейін қалған 25 қала мен 1 395 ауыл сумен жаб­дық­тау қызметтеріне 100 пайыз қамтамасыз етілмек. Қосымша, су ресурстарын үнем­деу мақса­тында бюджет қара­жаты есебі­нен сумен жабдықтау, су бұру жүйелерінің өндірістік процес­терін автоматтан­дыруды жүргізу жоспарлануда. Осылай­ша, бұл жұмысты табысты іске асыру судың коммерциялық және техникалық шығындарын 15-40 пайызға төмендетуге, инвес­тиция­лық шығындарды 10-15 пайызға оңтайландыруға, электр энергиясына шығын­дарды 15-20 пайызға қысқартуға, желілердегі апатты жағдайларды 30-50 пайызға төмендетуге және т. б. мүмкіндік береді, – дейді комитет төрағасының міндетін атқарушы.

Ведомство басшысы эко­логия­лық мәселелерді шешу үшін 2023 жылдан 2028 жылға дейін 69 қалада кәріз-тазарту құрылыстарын салуды және ре­кон­струкциялауды жүзеге асыру жоспарланғанын жеткізді. Со­ны­мен қатар Әзімбек Пазыл­бекұлы саладағы инфра­құры­лымды жаңарту және жөндеу жұ­мыстарын жүргізу бары­сын­­дағы кедергілерге тоқталды. Оның айтуынша, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру кезінде құрылыс-монтаждау жұмыстары өз мерзімінде аяқталмай жатады. Мұның негізгі себебі тех­ника­лық қадағалауды айқындау мер­зімінің ұзақтығы, жабдықтар мен материалдарды жеткізудің кешіктірілуі және сот процестері болып табылады. 

Комитет басшысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы нысандарына инвестиция тарту қаншалықты деңгейде жүзеге асырылып жатқанына да тоқ­талып өтті.

– ТКШ секторына респуб­лика­лық, жергілікті бюджет­терден, табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларынан және өз қаражатынан инвестициялар тар­­ты­лады. Биыл Үкімет ел бойынша жылумен жабдықтау жүйелерін дамытуға нысаналы транс­ферттер бөлу бойынша жаңа бюджеттік бағдарлама әзірледі. Бұдан бөлек, Ұлттық эко­номика министрлігі іске асы­ратын «Инвестицияларға айыр­бастау тарифі» жаңа та­рифтік саясаты коммуналдық салаға қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді және тозған же­лі­лер мен жабдықтарды қалпына келтіруге жол ашады, – деді ол. 

Қорыта айтқанда, осы бағыт­тар бойынша тиісті жұмыс жал­ғасатын болады және Үкіметтің тұрақты бақылауында болады.

Камила ЕРКІН