Халық қалаулысы рәсімді Сенат отырысында орындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындауға, маған жүктелген депутаттық жоғары міндеттерді адал атқаруға ант етемін", – деп Бибігүл Аққұжина ант мәтінін оқыды.
Ант қабылдағаннан кейін Бибігүл Аққұжина Парламент Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комитетінің құрамына сайланды.