Data.ai Intelligence ақпаратына сәйкес, елде желі қосымшалары 120 миллионнан аса жүктелген. Бұл өсім әртүрлі әлеуметтік платформадағы пайдаланушылар базасы барын көрсетеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Data.ai жүргізген пайдалану есептеулерінің дерегі бойынша, әлеуметтік платформалардың қай түрі Қазақстанда көбірек назарға ілінгені көрсетілген. Былтыр TikTok өз аудиториясын 25%-ға арттырса, Instagram базасын 12% өсіммен сенімді түрде өсімді жалғастырып отыр. Facebook та былтыр аудиторияны 25% көбейтсе, VК 7%-дық өсімге жеткен. Likee платформалары мен Одноклассники 5%-ға көтерілген. Алайда 2023 жылы Қазақстан нарығына шыққалы бері Cheelee өз аудиториясын 77%-ға ұлғайтып отыр.
Бұл сандар әлеуметтік медианың Қазақстанның цифрлық мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналғанын айғақтайды. Шексіз мазмұн арналары, креативті сөйлеу мүмкіндіктері және динамикалық пікірталастар бұл платформаларды танымал ойын-сауыққа ғана емес, сонымен қатар елдің әлеуметтік-мәдени өмірінің негізгі элементінің біріне айналдырған.
Қызықты әлеуметтік желі түрлерінен басқа, бізде ең пайдалы eGov mobile пайдаланушыларының да өсімі 25% құраған.