"Честное слово" компаниясының ("Akshabar" МҚҰ) қаржы блогері Мария Агаркова компанияның зерттеу нәтижелері бойынша қазақстандықтар жаңажылдық сыйлықтарға орта есеппен 30 000-нан 50 000 теңге аралығында жұмсайтынын айтты.
Жаңа жылда сыйлық сыйлай отырып, бюджетті қалай үнемдеуге болады?
Фото: fotografiiarhiv.ru
926
оқылды

Қазақстандықтар жаңа жылға туған күнінен бетер дайындалады. Оның себебі, бұл таңғажайып мереке баладан кәріге дейін барлық жақындарды біріктіретіндіктен шығар.  Қонаққа бару, сыйлықтар сыйлау – бұл дәстүр. Мерекенің сиқыры атмосфераға еніп,  жақындарыңыз бен достарыңызға қамқорлық көрсетіп, көңіл бөлгіңіз келеді.

Отбасылық бюджет сыйлықтар мен мерекені ойдағыдай атқара отырып, күнделікті қажеттіліктеріңізді қамтамасыз ете алатындай қалай жоспарлауға болады?

"Честное слово" компаниясының ("Akshabar" МҚҰ) қаржы блогері Мария Агаркова компанияның зерттеу нәтижелері бойынша қазақстандықтар жаңажылдық сыйлықтарға орта есеппен 30 000-нан 50 000 теңге аралығында жұмсайтынын айтты. Ал онлайн-сервис клиенттерінің 60%-дан астамы осы мақсатта шағын несие алуға дайын. Отбасылық бюджет қаңтарда мерекеден кейінгі қажеттіліктерді қамтамасыз етуі үшін Мария сыйлықтардың  әртүрлі нұсқасын қарастыруды және беталды қаражат жұмсамауға кеңес береді. Мысалы, ата-анаңыздың қалауы мен қызығушылығын ескере отырып, есте қалатын сыйлық жасай аласыз. Анаңызға аспаздық энциклопедия, ыдыс-аяқ жиынтығы, дастарқан, құмыра, ылғалдандырғыш, әдемі орамал және басқа да сыйлықтар сыйлай аласыз. Әкеңізге жылы және жайлы көрпе, жастық, шарф, аяқ пен арқаға арналған уқалағыш, шам және басқа да сыйлықтар кәдесіне жарар. Ал өз қолымен жасалған сыйлықтар ұзақ уақыт есте қалары сөзсіз.

Балаларға, жасы мен қызығушылығына сүйене отырып, сіз аққала жиынтықтарын, антистресс ойыншықтар, киіз үй түріндегі шатыр, кеңсе тауарлары жиынтығы, спорттық жабдықтарды және басқа да қызықты заттарды сыйлай аласыз.

Әріптестер мен достарыңызға пайдалы, жағымды әрі бағасы арзан сыйлықтар жасауға болады. Мысалы, әдемі қапталған шай, шырша шары, үстел немесе қабырға күнтізбесі, хош иісті шам, смартфонға арналған тіреуіш және тағы басқалары.

Сүйіктіңізге немесе өмірлік серігіңізге сыйлық туралы кеңес беру қиын. Оны тек сүйіспеншілікке толы жүрек айтады. Сыйлық жағымды, ерекше, пайдалы, есте қаларлық, серігіңіздің қалауына сәйкес болуы мүмкін. Бұл жерде сыйлаған адамның қиялы мен қаржылық жағдайына мүмкіндік беретін барлық нәрсе орынды. Бірақ егер біз бюджеттік сыйлықтар туралы айтатын болсақ, онда жаңажылдық асүй аксессуарларын, хош иісті шамдар, SPA салонына сертификат, ваннаға арналған тұз, смарт-сағат, жылы үй тәпішкесін, денеге арналған косметика және басқалары көңілінен шығады деп үміттенеміз.

Сүйікті азаматыңызға жаңажылдық сыйлық ретінде сенсорлық экранға арналған қолғап, қолшам, пауэрбанк, сымсыз құлаққап, арнайы жазылған кеудеше, түскі асқа арналған термо-сөмке, кілт ұстағыш және сізді еске түсіретін кез келген нәрсе сыйлай аласыз.

Жаңажылдық мерекеде бәріне назар аударып, ешкімді тыс қалдырғың келмейді. Сыйлықты әдемілеп қаптауды ұмытпаңыз, кейде қаптама сыйлықтың өзінен кем емес әсер қалдыруы мүмкін. Сыйлықты қаптау үшін сізге әдемі жаңажылдық қағаз, бант пен жылтырақ қағаз қажет болады.