Абай облысында психикалық ауруы бар 78 адамға көлік жүргізуге құқық берілгені анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату негіздерінің бірі – медициналық қорытындымен расталған көлік құралдарын қауіпсіз басқаруға кедергі келтіретін жүргізуші денсаулығының нашарлауы.
Мұндай құқықты бұзу уәкілетті органның (лауазымды тұлғаның) талабы бойынша сот шешімі арқылы азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
"Талдау көрсеткендей, облыста 78 адамның медициналық қарсы көрсеткіштеріне қарамастан, жарамды жүргізуші куәлігі бар", – делінген хабарламада.
Прокурорлық қадағалау актілері негізінде оның 50-і жүргізуші куәлігінен айырылды, қалғандары бойынша жұмыстар жүргізілуде.