Танымал актриса, тележүргізуші Салтанат Серкебаева Дәурен Айдарқұловпен арасындағы байланыс туралы "Оян, хабар" бағдарламасында айтты, – деп хабарлады Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бұл хайп үшін жасалған.
"Дәурен Айдарқұловпен арамыздағы "химия" киноға адам тарту үшін "хайп" ретінде жасалды. Ондай нәрсе жоқ", – деді ол.
Актриса сүйіктісі бар екенін де жасырмады.
"2024 жылды отбасы жылы деп жариялаймын. Сүйіктім бар, бұйыртса, тойға шақырамын", – деді ол.