28 желтоқсанда Өскеменнің мамандандырылған тергеу соты Д.Б.Смайыловаға қатысты қамауға алынған күннен бастап екі ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады.
Сот "НеМолчи.kz" қорының жетекшісін екі айға қамауға рұқсат етті
Фото: Facebook/dina.tansari.kz
990
оқылды

Өскеменнің тергеу соты "НеМолчи.kz" қорының жетекшісі Динара Смаилованы (Дина Таңсәрі) екі айға қамауға рұқсат етті, – деп хабарлады Aikyn.kz.

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының мәліметінше, 16 қазанда Өскемен Полиция басқармасы Смайыловаға қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Смайылованың қылмыстық іс бойынша әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен сараланып, оған мемлекетаралық іздеу жарияланған.

"28 желтоқсанда Өскеменнің мамандандырылған тергеу соты Д.Б.Смайыловаға қатысты қамауға алынған күннен бастап екі ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады", – делінген хабарламада.