Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар шенеунікті қызметінен босатты.
Президент бірқатар шенеунікті қызметінен босатты
Фото: akorda.kz
1,175
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар шенеунікті қызметінен босатты,  – деп хабарлады Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының өкімімен:

  • Қайрат Иматұлы Сүнтаев Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан;
  • Ерлан Сапарұлы Оразбай Президент Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан;
  • Мұхамеджан Қадіржанұлы Таласов Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.