Жаңа Адамдар журналистке қателескенін түсінуге көмектесуді жөн көрді.
«Гульжарлем»: Жаңа адамдар Гүлжан Ерғалиеваға «геттода» өзі тұрып көруін ұсынды
3,419
оқылды

Желтоқсанның 25-і күні атышулы журналист Гүлжан Ерғалиева әлеуметтік желідегі парақшасында Алматының шетінде алматылық емес «маргиналдар» үшін «гетто» құруды ұсынды.

Гүлжан өз жазбасында алматылықтарды мәдени, сауаттына, таптық, туған жеріне қарай бөліп-жаруға шақырады. Қарапайым тілмен айтқанда, ол "Алматы тек алматылықтар үшін" деген пікір айтты.

«Бұл бұзақылар қаладағы ең осал қоғамдық орындарға мұрындарын тықпасын, Алматының шетінде өздерінің Гарлемі болсын», – деп жазады Ерғалиева.

Жаңа Адамдар журналистің мәлімдемесін жөнсіз ғана емес, қылмыс деп санайды. Бір қызығы, Гүлжан Ерғалиева өз елінің заңдары барлық қазақстандықтардың еркін жүріп-тұруына және өз қалауы бойынша тұрғылықты жерін таңдауына кепілдік беретінін білмейді. Сондықтан да жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен мыңдаған жастар Алматыға білім алып, жұмыс істеп, қаланы көркейту үшін келеді.

Келушілерден бөлектеніп, олар үшін қала шетінде арнайы геттолар құруға шақырған Гүлжан Ерғалиева Қазақстанның заңдарын елемеумен қатар, кейбір қазақстандықтардың басқалардан артықшылығы туралы өзіндік теориялармен алмастырады. Яғни, ол өзінің барлық мәселелерін кінәлайтын білімсіз және мәдениетсіз «тобырға» айналады. Мәдениетті адам өз қаласына келгендерді «егеуқұйрық», «надан», «ақымақ» деуге хақысы жоқ.

Жаңа Адамдар журналистке қателескенін түсінуге көмектесуді жөн көрді. Біз Гүлжан Ерғалиеваны шеттегі «геттодағы» өмірдің қандай екенін өз көзімен көруге шақырамыз. Бұл үшін Алматының сыртында белсенділер «ГУЛЬЖАРЛЕМ» ұйымдастырып, журналистке жеке шатыр тіккен.

«Ерғалиева ханым, адамдарды белгілі бір қалада туылғанына қарап жақсы мен жаманға бөлуге болмайтынын түсінгенше бұл шатырды пайдалана аласыз. Осы түсінік пайда болған бойда сізден шатырды Жаңа Адамдар кампусына қайтаруыңызды сұраймыз», – деді "Жаңа адамдар" өкілі Мадина Бигильдинова.