8 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 31 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, – деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Қар аралас жаңбыр, көктайғаққа байланысты 8 облыстағы 31 жол бөлігі:
Ақмола облысы – 14 учаске,
Жамбыл облысында – 1 учаске,
Жетісу облысында – 1 учаске,
Қарағанды облысында – 3 учаске,
Қостанай облысында – 5 учаске,
Солтүстік Қазақстан облысында – 5 учаске,
Түркістан облысында – 1 учаске,
Ұлытау облысында – 1 учаске де көліктің барлық түрлеріне шектеу енгізілді.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 407 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.