Өйткені, Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартуды жоспарлап отыр.
Елімізде енді күріш, нан, сүт және жұмыртқа қымбаттауы мүмкін
849
оқылды

2024 жылдың бірінші жартыжылдығына қарай 9 азық-түлік өнімі  тұз, ұн, қарақұмық, күріш, нан, сүт, картоп, тауық жұмыртқасы, макарон бағалары реттелмейді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

"2025 жылдың бірінші жартыжылдығына қарай тағы 10 азық-түлік өніміне шекті бағаларды енгізу механизмінен толығымен бас тарту жоспарлануда. Олар – сәбіз, пияз, ақ қырыққабат, күнбағыс майы, сиыр еті, тауық еті, жұмсақ қаптамадағы майлылығы 2,5 пайыздық айран, сарымай, сүзбе, қант бағалары бақылаудан шығады", – деді Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері.

Министрлік түсіндіргендей, бағаны мемлекеттік реттеуден біртіндеп бас тарту нарықтық қатынастарға мемлекеттің ықпал ету үлесін азайтады, бұл өз кезегінде отандық өндірушілердің нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

"Бұл шара Қазақстан аумағында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Сонымен қатар жоғарыда аталған ақпаратты алдын ала тарату қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті болдырмайды деген ойдамыз. Керісінше, халықтың алдын ала ақпараттандырылуын қамтамасыз етеді", – деп атап өтті ведомство.