Аймақтағы ТЖД баспасөз қызметі оқиға орнында зардап шеккендердің жоқ екенін мәлімдеді.
Ақтөбе облысында 32 жолаушысы бар автобус аударылып қалды
3,240
оқылды

Ақтөбе облысы «Қарабұтақ – Қостанай» тасжолының 132-шақырымында жолаушылар автобусы аударылып қалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

 Оқиға орнында Әйтеке би аудандық төтенше жағдайлар бөлімдері қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, полиция бөлімі қызметкерлері болды. Өзбекстанның 32 азаматы Т.Жүргенов ауданындағы мешітке эвакуацияланды.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарға ауа райындағы өзгерісті қадағалауға, ауа райының нашарлауы және жолдардағы көлік қозғалысына енгізілген шектеулерге дер кезінде көңіл бөліп, алыс сапарға шықпауға кеңес береді.