Бұл жаңалықты Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин жария етті.
Сапасыз байланыс тіркелсе, оператор клиентке абоненттік төлемді қайтарады - министр
964
оқылды

Министр алдымен тұрғындар байланыс қызметінің сапасыздығы жайлы шағымданатынын жеткізді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бәріне мәлім, байланыс қызметтерін сапасыз ұсынғаны үшін операторларға 5 млн теңгеден астам айыппұл салынады, ал операторлардың өздерінің айтуы бойынша, бір базалық стансаны жаңғыртуға 15-20 млн теңге шегінде инвестиция қажет. 

"Мен ұялы байланыс операторларын қайталанатын айыппұл төлеудің орнына, қолда бар базалық стансаларды  жаңғыртуға және айыппұл төлеу сияқты жүйелі шығындарындың орнына жаңа базалық стансалар  орнатуға шақырдым.

Цифрлық даму министрлігі ретінде біз бұл мәселеге жүйелі түрде қараймыз. Қазірдің өзінде қабылданған шаралар мен нормаларға қосымша, кейбір заңнамалық өзгерістерді ілгерілетуді жоспарлап отырмыз. Бұл ретте депутаттар мен басқа әріптестер біздің бастамаларымызды қолдаса жақсы болады. 

Радиожиілік қызметі тексеріс кезінде сапасыз байланысты тіркеген кезде мемлекетке төленетін айыппұлға қосымша операторлар сапасыз байланысты тіркеу аймағындағы клиенттерге 3-6 ай үшін абоненттік төлемді қайтаратын норманы бекітуді ұсынамыз", - деп жазды Бағдат Мусин.

Бұл норма не береді? Бұл норма бойынша азаматтарымызға көрсетілген сапасыз қызметі үшін байланыс операторлары айыппұлдарға қосымша абоненттерге ақшасын қайтаратын болады. Осылайша, азаматтар қолайсыз деп саналатын қызметтер үшін абоненттік төлемді қайтара алатын болады.