Қазақстан Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес үшін 2023 жыл табысты болды.
Ерлан Қарин жастар саясатына қатысты атқарылған шаруалар туралы айтты
735
оқылды

Бұл Кеңес жастарға қатысты бірқатар маңызды стратегиялық құжатты әзірлеуге атсалысты. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жазды.

"Атап айтсақ, Мемлекеттік жастар саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы дайындалды. Биыл осы құжатты жүзеге асыру барысында жас азаматтардың кәсіпкерлікпен айналысуына жол ашатын маңызды бастама қолға алынды: жалпы сомасы 26 миллиард теңгені құрайтын 5,6 мың бизнес жобалары үшін 2,5% мөлшерлемесімен жеңілдетілген несие беріледі. Келесі жылы жастарға арналған жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасын қолға алу жоспарда бар.

Кеңестің тікелей қатысуымен әзірленген тағы бір маңызды құжат – Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар. Синтетикалық есірткіге қарсы іс-қимылдың маңыздылығы алғаш рет Кеңес алаңында айтылған еді. Енді Жоспардың орындалуы осы құрылымның тұрақты бақылауында болады", - деп жазды кеңесші желідегі ресми парақшасына. 

Бұдан бөлек, Кеңестің мүшелері «Қазақстан жастары – 2023» атты ұлттық баяндаманы әзірлеуге елеулі үлес қосқанын атап өткім келеді. 

"Алдағы 2024 жылы да Кеңес жастарға қатысты өзекті мәселелермен белсене айналысып, Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыруға атсалысуды жалғастыратын болады.

Нақты айтқанда, бүгінде Кеңес лудоманияның таралуына жол бермеу ісін мықтап қолға алды. Осы орайда, оның мүшелерінің ұсынысымен құмар ойын бизнесіне қарсы іс-қимыл және лудоманияға қарсы күрес жөнінде кешенді жоспарды әзірлеу жұмысы басталды", - делінген жазбада.